Астанада пәтер сатып алу - елордаға арман қуып келгендер үшін асқақ мақсат. Басқалары үшін - әлі орындалмаған жоспар, ал үшіншілер үшін - тиімді инвестиция құралы. Әркім өз жолын іздейді, бірақ бір нәрсе анық: Астанада жеке баспанаға ие болу адамдардың өмірін түбегейлі өзгертіп, оларға сенімді тірек пен тұрақтылық сыйлайды.
Sat-NS құрылыс компаниясы тұрғын үй мәселесін шешу жолын түсінікті, жайлы әрі қауіпсіз үдеріске айналдырады. Неліктен бізбен бірге сенімді әрі оңай екенін көрсететін 5 негізгі артықшылықты айқындадық.
1. Құрылыс компаниясынан дайын пәтерлер
Sat-NS компаниясынан дайын пәтер сатып алу арқылы сіз жаңа тұрғын үйлерде кездесетін дәстүрлі мәселелерден аулақ боласыз:
· нысанның ұзақ уақытта пайдалануға берілетінің күтпейсіз;
· құрылыс кешігулері қаупі жоқ;
· мәміле жасалғаннан кейін бірден кілтті алып, жөндеуді жасап, армандаған үйіңізге кіре аласыз.
2. Ипотекалық бағдарламалардың кең таңдауы
Sat-NS Қазақстандағы барлық ірі банктермен серіктесіп жұмыс істейді. Бұл - Отбасы банкінің жеңілдеділген бағдарламалары, бастапқы жарнасы 20%-дан басталатын барлық стандартты ипотекалар, сондай-ақ 7-20-25 бағдарламасы.
· бюджеттік мүмкіндігіңізге сәйкес ең тиімді ипотеканы таңдай аласыз;
· артық бюрократиясыз несие рәсімдеу мүмкіндігі бар;
· сатып алу процесінің барлық кезеңінде айқын шарттар мен қолдау көрсетіледі.
3. Бизнес және комфорт санатының сапасы
Біздің тұрғын үйлеріміз жоғары стандарттарға сай салынған, заманауи архитектураны, озық инженерлік шешімдерді және ұқыпты ойластырылған ортаны біріктіреді. Эргономикалық пәтерлер, қоғамдық орындардағы жайлылық және жасыл көпфункционалды аула тұрғындар үшін қауіпсіз және ыңғайлы өмір кеңістігін қамтамасыз етеді:
· ыңғайлы жоспарлар және дизайнерлік холлдар;
· 3-метрлік төбелер және үлкейтілген терезелер;
· қауіпсіздік қамтамасыз ететін smart-технологиялар;
· функционалды және қауіпсіз аула;
· жасылданған ландшафттық дизайн;
· жабық автотұрақтар.
4. Үйлердің тамаша локациясы
Sat-NS компаниясының барлық жобалары Астананың «алтын төртбұрышы» деп аталатын, инфрақұрылымы дамыған беделді Нұра ауданында орналасқан. Жақын жерде Хан Шатыр сауда және ойын-сауық орталығы, болашақ эко-саябақ, медициналық орталықтар мен жеке клиникалар, мектептер мен балабақшалар, гипермаркеттер, мейрамханалар және қаладағы үздік қоғамдық кеңістіктер бар. Аудан елорданың ырғағында өмір сүрсе де, жайлылық сезімін сақтайды: кең көшелер, ыңғайлы көлік қатынасы, негізгі магистральдарға жылдам шығу.
5. Инвестициялық құндылық және бағаның өсуі
Құрылыс саласына ақша салу - капиталыңызды көбейтудің сенімді жолы. Қазіргі жағдайда дұрыс орналасқан дайын нысан жақсы табыс әкелуі мүмкін. Сондықтан көптеген адамдар Sat-NS компаниясынан Астанада пәтер сатып алуды таңдайды. Сіз тек бүгінгі жайлылықты ғана емес, келешектегі қаржылық пайдаңызды да аласыз:
· дайын пәтерлер бағасы тез өседі;
· сол жағалау - сұранысқа ие аймақ;
· бизнес және комфорт-санатындағы нысандардың капитализация әлеуеті жоғары.
Sat-NS компаниясын таңдау арқылы Сіз сенімділік, ыңғайлылық және стильді өмір салтын таңдайсыз. Армандарыңызды кейінге қалдырмаңыз, болашағыңызды бізбен бірге құрыңыз!