Park City.Forum тұрғын үй кешеніне шолу
2026 жылы Астанада пәтер сатып алуды мақсат еткен көптеген адамдар тек ыңғайлы жоспарлармен ғана шектелмей, сонымен қатар қауіпсіз әрі жайлы өмір ортасы, сенімді құрылыс компаниясы және үйдің қоныс аударуға дайын болуы маңызды жобаларды таңдайды. Осы талаптардың барлығын Sat-NS құрылыс компаниясы Park City.Forum жаңа тұрғын үй кешенінде бірегей түрде біріктіреді.
Ол елорданың ең сұранысқа ие Нұра ауданында орналасқан, өмір сүруге де, инвестиция үшін де тамаша шешім болып табылады. Жанында Хан Шатыр, мектептер, балабақшалар және медициналық орталықтар бар. Park City.Forum кешеніндегі дайын пәтерлерді таңдау арқылы сатып алушылар тек баспанаға ие болып қана қоймай, оның келешекте тұрақты құндылығын да қамтамасыз етеді.
Үй толықтай пайдалануға берілген, бұл болашақ тұрғындардың уақытын үнемдейді. Құрылыс аяқталуын күтіп, немесе мерзімдер туралы алаңдаудың қажеті жоқ - пәтерді сатып алған соң бірден жөндеу жұмыстарын бастап, өз кеңістігін жасай аласыз. Park City.Forum кешенінен пәтер сатып алу Sat-NS компаниясы мен серіктес банктер ұсынған тиімді ипотекалық шарттардың іске қосылуымен әлдеқайда қарапайым әрі қолжетімді болды. Солардың қатарында жеңілдетілген 7-20-25 бағдарламасы да бар.
Тұрғын үй кешенінде 1-2-3 және 4 бөлмелі пәтерлер ұсынылған, аудандары 38,77–109,1 м² аралығында. Үлкейтілген терезелер мен 3-метрлік төбелер кеңістікті жарыққа толтырады, ал жақсартылған қарапайым ішкі әрлеу интерьерді өз талғамыңызға сай жасауға мүмкіндік береді. Пәтер жоспарларының кең таңдауы жас жұптар, үлкен отбасылар, жалғыз тұратын адамдар үшін де, сондай-ақ Астанадағы жаңа тұрғын үйлерге инвестиция жасауды ойластыратындар үшін де мінсіз нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді.
Park City.Forum – заманауи тұрғын үй, автокөліксіз жабық ауласы бар, онда отбасымен серуендеп, спортпен айналысып, уақыт өткізуге болады. Әдемі ландшафт пен көгалдандыру, дала жарығы және үйлесімді зоналар жайлы атмосфера қалыптастырады. Дизайнерлік холлдар үйдің көркі мен көңіл-күйін әсерлетеді. Сонымен қатар, тұрғын үй заманауи қауіпсіздік технологияларымен жабдықталған: ақылды құлыптар, 24/7 бейнебақылау және IP-домофон.
Егер айналадағы кеңістік мінсіз болса,қалалық өмір жаңа қырларын ашады, Park City.Forum түрғын үй кешені осындай орта қалыптастырады, онда әркім үйлесімділікті және жайлылықты сезіне алады, сонымен қатар елорданың қарқынымен байланысын сақтайды. Қол жетімді пәтерлер туралы толық ақпаратты Sat-NS сату бөлімі, Туран көшесі, 30А мекен-жайы бойынша немесе 755 телефоны арқылы білуге болады.